×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Күніне 1,5 долларға өмір сүру: мүгедектер Еуроодаққа шағымданды

03.12.2021, 16:06
Фото: Ulysmedia.kz

Астанада Еуропа одағының өкілдігіне петиция тапсырып, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына жиналған мүгедектігі бар адамдар, шенеуніктер мұң-тілектерін тыңдамайтынына шағымданды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар елдегі құзырлы орын басшыларының қызметін босатуын және өздеріндегі барлық топтар бойынша жәрдемақыны 200 мың теңгеге дейін көтеріп, тұрғын үй жағдайын жақсартуды талап етті.

«Біз, Қазақстанның мүгедек азаматтары, сондай-ақ мүгедек балалардың ата-аналары және олармен бірге жүретін адамдар беделді халықаралық институттар Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын іске асыруға өз үлесін қосады деген үмітпен ауыр жағдайымыз жөнінде жүгінуге мәжбүрміз. Қазақстан Республикасы Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады және Конвенцияда көзделген құқықтар тізбесін іске асыру жөнінде өзіне міндеттемелер алды, бірақ келісімде жазылған құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етпейді. Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының 28-бабында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жеткілікті тамақтануды, киім мен тұрғын үйді қоса алғанда, олар мен олардың отбасылары үшін жеткілікті өмір сүру деңгейіне, сондай-ақ өмір сүру жағдайларын тұрақты жақсартуға құқығын таниды және былай делінген: қатысушы елдер осы құқықтың мүгедектік белгісі бойынша кемсітушіліксіз іске асырылуын қамтамасыз ету және көтермелеу үшін тиісті шаралар қабылдауы тиіс», - делінген Еуропа парламенті мен комиссиясына ашық үндеуде.

Күнкөріс деңгейінің өте төмендігіне қапалы мүгедектігі бар қазақстандықтар, күніне 1-1,5 долларға өмір сүруге мәжбүр екендіктерін айтады. Сонымен қатар, ереуілдеушілердің сөзінше, әрбір бесінші жарымжан жанда баспанасы жоқ. Кепілдендірілген және тегін тұрғын үйдің орнына мүгедектер ондаған жылдар бойы әлеуметтік тұрғын үй алу үшін өз кезегін сарыла күтуде. Митингке қатысушылар әлеуметтік тұрғын үйдің болмауын нағыз алалаушылық деп санайды.

Қарағандылық Жәнібек Байтоқовтың айтуынша, зағип азаматтар жұмысқа орналасуға тырысады, бірақ тіпті жұмыспен қамту орталықтары арқылы да жұмыс табу мүмкін емес.

«Біздің көптеген мүгедектеріміз дұрыс тамақтанбайды және жылу құбырларында тұрады. 35 мың өмір сүруге тырысып көріңізші, тамақ жейсіз бе, не пәтер үшін төлейсіз бе? Көрінген жерде тұрамыз. Біреудің туысы бар, ал біреуінде жоқ. Толыққанды тамақтану туралы айтудың өзі орынсыз. Содан барлық ауру асқынады».

Жалпы деректерге жүгінсек, бүгінде елімізде 700 мыңға жуық мүгедектігі бар адам өмір сүруде.

«Кезінде көбіміз жұмыс істеп, қоғамға пайда әкелгенімізбен, еңбекке жарамсыз болып қалған соң шетке ысырылып, Үкіметтің немқұрайлы көзқарасын сезінудеміз», - деп ренжиді петицияға қол қойғандар.

Бейбіт жиын барысында, бұған дейін жазғанымыздай, зағип жандар да қоғамдық ұйымдарындағы жемқорлық пен заңсыздыққа арыздануға ат шалдырды.

Серіктес жаңалықтары