Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли елдегі БАҚ-тардың біріне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАБЫЛДАНБАҒАН ҰСЫНЫС
Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Халықаралық қауымдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде біздің елімізге мұндай ұсыныстың түсуі қалыпты дүние. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысының өзі мұқият қарастырып отыр және оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан талдау жүргізіп жатыр – деді Берік Уәли өз сұқбатында.
Сондай-ақ ол әзірге еліміз БРИКС-ке мүше болмайтынын айтты.
Еліміз құрылымға мүше болуға және осы бірлестіктің даму перспективаларына қатысты басқа да мәселелерді қараудың көп сатылы процесін ескере отырып, қазір және жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалады – деді баспасөз хатшысы өз сөзінде.
BRICS
Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка елдерінің қысқаша атауы. Бірақ құрамда Бразилия, Ресей, Үндістан, ҚХР, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет және Эфиопия қатарлы 9 ел бар.
Ұйым 2006 жылы маусымда Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай экономика министрлерінің қатысуымен Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында құрылды.
2009 жылдан бастап БРИКС үкіметтері жыл сайын ресми саммиттерде кездеседі (соңғы 15-саммит 2023 жылдың 22-24 тамызында Оңтүстік Африкада өтті). Саммиттерден басқа, кездесулер СІМ басшылары, қаржы министрлері және басқа деңгейінде өтеді.