×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қаржы министрлігі: 2025 жылға дейін ЖК шоттары бойынша мәліметтер ешқайда берілмейді

06.12.2021, 18:28
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың Мемлекеттік кірістер органдарына деректерді беруге қатысты алаңдаушылығына жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мобильдік аударымдар туралы заң жобасы туралы мәселе қазір көптеген қазақстандықтарды толғандырады. Шындығында, тағы бірнеше жыл ештеңе өзгермейді.

- Мемлекеттік кірістер органдарына деректерді беруге қатысты алаңдаушылық негізсіз, - деп түсіндірді Қаржы министрлігінде. - Жеке аударымдарға салық салынбайды. Ал жеке кәсіпкерлер қабылданған мораторий аясында 2023 жылға дейін табысынан салық төлеуден босатылған.

Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлағандай, екінші деңгейдегі банктерден барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді алу тек 2025 жылдан бастап болжанады.

Жеке тұлғалар арасындағы аударымдар бұрынғыдай салық салынбайды. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың аударымдары туралы деректер салық органдарына берілмейді. Қазақстандықтар аударымдарды шектеусіз жасай алады және қабылдай алады. Парламенттің сайтында орналастырылған заң жобасына сәйкес және жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізуге сәйкес мәліметтерді тек 2025 жылдан бастап беру көзделіп отыр.

Бұл ретте 2023 жылға дейін елімізде жеке кәсіпкерлердің табысынан салық төлеуге мораторий қолданылады.

Серіктес жаңалықтары