×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстанда мемлекеттік қызметке баю үшін келетіндерге тосқауыл қойылмақ

09.12.2021, 12:25
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осы орайда алдағы бес жылға арнайы стратегия әзірленген.

«Мұндағы басты реформалардың бірі – шығын кірістен асып кеткен кезде негізсіз баюға жауапкершілікті енгізу. Келесі қадам – Біріккен ұлттар ұйымының жемқорлыққа қарсы конвенциясының негізгі қағидатын іске асыру – қылмыстық активтерді іздестіруді және қайтаруды қамтамасыз ету болмақ. «Follow the money» - «ақшаны қуу» қағидаты бойынша міндетті қаржылық тергеу енгізіледі», - дейді агенттік басшысы.

Ведомство басшысының айтуынша, тергеуге заңсыз табыс тапқан адам ғана емес, активтерді шығарудың барлық мүмкін көздері мен жолдары ілігеді. Бұл және де тек жемқорларға ғана емес, көлеңкелі бизнес субъектілеріне, контрабандашыларға, есірткі сатушыларға да қатысты болмақ. Бұдан басқа, спикердің сөзіне сенсек, 2018 жылы шоттар туралы ақпарат алмасу туралы Қазақстан қол қойған келісім шетелде активтерді анықтауға мүмкіндік бермек.

Іntegrity check (сыбайлас жемқорлықтың беріктігіне тексеру) тәсілі болса, адал емес қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға жол ашпақ.

«Оның қылмыс жасап, мемлекетке зиян келтіргенін күтпей-ақ, заңды тәртіптік шаралармен және шығынсыз түбегейлі жоюға болады. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке баю үшін келуді тоқтатып, ұзақ мерзімді келешекте парасатты кәсіби ұрпақ қалыптастыруды қамтамасыз етеді», - дейді Марат Ахметжанов. Осы орайда министрлер мен әкімдерді бағалау жүйесі қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары