×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Мемлекеттік банк басшылары қанша жалақы алатынын жасырып отыр

10.12.2021, 15:58
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мемлекеттік «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) еңбекақы төлеудің жалпы қоры, жалақы мөлшері, топ-менеджерлердің сыйлықақылары туралы, сондай-ақ жақын арадағы мерекелер - Тәуелсіздік күні мен жаңа жылға қызметкерлерге төлеуді жоспарлап отырған қаражат сомасы туралы деректерді ұсынудан бас тартты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен құрылған. 2001 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы шықты.

Жарғыға сәйкес, банк ұлттық даму институты болып табылады. Банктің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

Банк сайтында ұйымның негізгі мақсаттары көрсетілген: мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің меншікті капиталы 512 млрд теңгені, активтері 3 трлн 088 млрд теңгені құрады.

Ulysmedia.kz редакциясы ҚДБ басқарма төрағасы Абай Сарқұловтың атына ресми сауалхат жіберді. Біз банк басшысынан мемлекеттік банктің топ-менеджментінің құрамы, еңбекақы төлеудің жалпы қоры, компаниядағы орташа жалақы, қызметкерлер мен басшылық сыйлықақыларының мөлшері, сондай-ақ Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мейрамдарына қатысты төлемдер туралы сұрадық.

Қызметкерлер саны, банктегі топ-менеджменттің құрамы туралы сұраққа бізге қазіргі уақытта штатта «өткен жылы 3 штаттық бірліктің қысқаруын ескере отырып, 217 штаттық бірлік» бар екенін жеткізді, оның 71-і басшылық лауазымдарды атқарады. Бұл дегеніңіз, банктің әрбір үшінші қызметкері – басшы лауазымына жайғасқан.

Бұдан басқа, қызметтерді сатып алу туралы шартқа сәйкес, «персоналдың аутсорсингі бойынша 44 бірлік ұсынылған».

Алайда, жалпы жалақы қоры, қызметкерлердің жалақысы, оның ішінде жоғары менеджмент, сыйлықақы мөлшері мен саны туралы сұрақтарға банк жауап бермеуді жөн көрді. Мемлекеттік банкте бұл ақпарат коммерциялық құпия болып шықты.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 23 ақпандағы шешімімен бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-дағы банктік, коммерциялық құпияға және құпия мәліметтерге жататын мәліметтер тізбесінің 14-тармағына сәйкес (№201- 2018-02 хаттама), мыналар: салық декларацияларын беру, қызметкерлердің басқа қаржы институттарынан кредиттер алуы, визалар алуы (қажет болған жағдайда) үшін қажетті мәліметтерді қоспағанда, Директорлар кеңесі мүшелерінің, атқарушы органның, банк қызметкерлерінің нақты жалақы мөлшері, еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру, өтемақылар төлеу шарттары туралы мәліметтер банктің коммерциялық құпиясына жатады», – деп түсіндірді қаржы ұйымында.

Бұл ретте, «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына сәйкес, банк қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңында және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жыл қорытындысы бойынша банктің атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ашуды жүзеге асырады.

«Холдинг басқармасының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен (№38/18 хаттама) бекітілген акцияларының елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі акционерлік қоғамның директорлар кеңесі туралы үлгілік ереженің 24-тармағына сәйкес, жалғыз акционердің өкілдері болып табылатын директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы қоғамның басшысы қоғамның директорлар кеңесінің жұмысына қатысқаны үшін сыйақы алмайды», - деп атап өтті ҚДБ баспасөз қызметінде.

Бұл ретте, банк қызметкерлерге сыйлықақы беру тоқсан сайын, ал басқарма мүшелеріне жыл сайын жүзеге асырылатынын жеткізді.

«Бұл банктің Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 14 шілдедегі шешімімен (№156 хаттама) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі»АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес, олар банк қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізген және орындаған жағдайда мүмкін болмақ».

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, шенеуніктерге жалақысы туралы сұрағанда шынайы жауап беруді кеңес етті.

Ulysmedia.kz бұған дейін 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала әкімдерінің жалақы мөлшері туралы ресми ақпарат ұсынған болатын. Белгілі болғандай, өңірлер әкімдерінің ай сайынғы жалақысы 1,9 млн теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары