×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Нұрағаң салған нұрлы жолды қасқа жолға ұластырыңыз, Қасаға - Бекболат Тілеухан

13.12.2021, 12:00
Фото: ашық дереккөзден

ІІI дәрежелі «Барыс» орденін алған Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тәуелсіздігімізідң 30 жылдығы қарсаңында елге еңбегі сіңген азаматтармен бірге өз қолыңыздан марапатқа ие болуым зор қуаныш, үлкен мәртебе, қала берді үлкен сенім, ерекше жауапкершілік деп білдім. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз, Қасаға! Адамзат абыржыған, дүниенің бір дидары бұзылыңқырап, кейбір құндылықтар артқа ысырылып, әлемді популизм жайлап, аптасы айға, айы жылға татитын қарбалас, алмағайып кезеңде Алаш жұрты абыржымаса керек-ті», - деді депутат.

Ол өз сөзінде президентке Жапония императоры Хиротароның сөзін келтіріп, «төзбеске төзіп», тар жол тайғақ кешуден абыржымай өтетін «Алаш жұртын бастай беріңіз» деп тіледі.

«Су ағады, тас қалады, дұшпан кетеді, дос қалады. Күрделі кезең артта дегенмен, жауапты кезең алда екенін меңзедіңіз Қасым-Жомарт Кемелұлы. Тәуелсіздігіміздің баяндығы, еліміздің берекесі жолында Нұрағаң салған нұрлы жолмен бастай беріңіз, соны қасқа жолға ұластырыңыз. Ерте білу сізге серт, ере білу бізге серт. Екі тізгін бір шылбыр қолыңызда! Жаратқан жар болсын. Мереке құтты болсын. Тағы да алғыс айтам», - деп түйді Бекболат Тілеухан.

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар Қазақстан азаматы мемлекеттік марапат иеленіп, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығы екі жұмысқа берілді.

Серіктес жаңалықтары