×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

«Таудай қазы-қарта»: Дипломаттар Тәуелсіздік күнін қалай тойлады

13.12.2021, 22:19

Әлеуметтік желілерде фуршет дастарханы көрсетілген бейнежазба тарады. Бейнежазбада байқалғандай, Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Бішкектегі мейрамханалардың бірінде Тәуелсіздік күнін осылай атап өтуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бейнежазбаға қарағанда қазақстандық дипломаттар атап өткен мейрам тұтас аспаздық өнерге айналғандай. Бейнебаян авторы жергілікті аспаздардың ұлттық тағамдардан «Шыңдарды», қазы-қартадан «Тауларды» бейнелеп, бауырсақтан бірнеше ағаш жасағанын көрсетеді.

ulysmedia.kz редакциясы Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшілігіне мемлекеттік қызметкерлердің өткізген мұндай тойы үшін қазақстандық салық төлеушілердің қалтасы қаншаға жұқарғанын білу үшін ресми сауал жолдады.

Қазақстандықтар бұлай тойлауды ысырапшылық деп бағалады.

«Тегіннен тегін ішіп-жейді де – ертеңінде ұмытып кетеді. Бюджеттің қаншама ақшасы осыған кетті екен? Қазақстанның Тәуелсіздігін бұлай ысырапшылықпен тойлауды бұрын соңды көрмедім! », - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Еске сала кетсек, бұған дейн қазақстандық әкімдер Орталық коммуникациялар орталығында журналистерді қалай күтіп, дастарханнан қалай дәм татыратыны туралы жазған болатынбыз.

 

Автор: Асем Гумарова

Серіктес жаңалықтары