×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Доллардың ізімен Қазақстанда баспана да қымбаттай ма – министрдің жауабы

03.12.2024, 11:27
Доллардың ізімен Қазақстанда баспана да қымбаттай ма – министрдің жауабы
Ulysmedia коллажы

Доллардың қымбаттауына байланысты Қазақстанда бірінші және екінші нарықтағы баспаналар қымбаттай ма? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа қойды. 

ШАРЛАПАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, мемлекет ең әуелі әлеуметтік баспаналардың бағасының тұрақтандыруға күш салады. Бұл ретте министр “Наурыз”, “Отау” бағдарламасы жайлы, әкімдіктер бөлетін, жалға берілетін пәтерлерді айтып отыр. Бұл бағыттағы баспаналардың бағасы Шарлапаевтың айтуынша, өзгермеуі керек. 

– Бізде құрылыста қолданылатын құрылыс материалдарының 70 пайызы Қазақстанның өнімі. Демек, бізде ол бағытта әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде бағалардың жоғары шегін реттейтін мүмкіндік бар”, – дейді ол.

Ал жеке баспана нарығы туралы айтқан Шарлапаев нарықта сұраныс көп дейді. Премиум, эконом санаттағы үйлер жетерлік. 

– Бұл баспаналар бойынша нарықтық тетіктер жұмыс істейді. Бірақ біз тағы да Қазақстанда құрылыс материалдарының 70 пайызы отандық өнім екенін атап өткіміз келеді. Базалық арматура, бетон, цемент бәрі өндіріледі, – дейді ол.

Десе де, нарықтағы өзгерістерді министр жоққа шығармайды. 

– Әлбетте, өзгерістер болады. Бірақ нарықтық экономика болғаннан кейін әр сегменттегі баспанада өз сатып алушылары бар. Нақты болжам айту қиын шығар. Біз әлеуметтік баспаналардың бағасын реттеу жағында жұмыс істейміз, – дейді ол.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.