×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан президенттігіне үміткер экс-кандидат екінші рет үйленді

18.12.2021, 11:49
Фото: Фейсбук

Қазақстан президенттігіне экс-кандидат, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков екінші рет үйленді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ол Facebook парақшасында өміріндегі қуанышты оқиғамен бөлісті.

«Бүгін, 17 желтоқсан, Мұсылмандардың қасиетті Жұма күнінде үлкендердің және Салтушадан (Салтанат Рахымбекова бірінші әйелі) кеңесі және рұқсатымен жаңа отбасын құруды ұйғардым. Сағат 15:00-де Рыскелді қажы мешітінде мұсылманша неке қию рәсімі болды», - деп жазды «Ауыл» партиясының мүшесі.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың жазында Төлеутай Рахымбековтың жары дүниеден озды. Оның бірінші әйелі Азаматтық альянстың президенті Салтанат Рахымбекова болған.

Серіктес жаңалықтары