×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алексей Цойдың Денсаулық сақтау министрі қызметінен неге кеткені белгілі болды

20.12.2021, 08:36
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Цойдың не себепті қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Алексей Владимирович басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды», - деп хабарлады министрлік.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды.

Алексей Владимирович Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған. Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т. б. елдерде тағылымдамадан өткен. Іскерлік әкімшілендіру докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Серіктес жаңалықтары