×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Экология министрі АЭС құрылысы жайлы айтудан бас тартты

22.12.2021, 10:41
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев АЭС құрылысы мен оның айналаға әсері жайлы қойылған сұраққа жауап беруден бас тартты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр оның ведомствосында жоба бойынша жеткілікті ақпарат жоқтығын алға тосып, атом-электр станциясының құрылысы туралы ештеңе айта алмайтынын жеткізді. 

«Бұл жоба жайлы қандай да бір дерек қолға тиіп, айналаға әсеріне қатысты экологиялық бағалау жүргізгенде ғана бірдеңе айта аламыз. Ал қазір пікір білдіруге дайын емеспіз», - деді Серікқали Брекешев. 

Осы орайда «Чернобыль оқиғасының» қайталануынан қорқатын Қазақстан халқы шенеуніктердің бұлыңғыр жұмысы мен кейінгі кезде жиілеп кеткен жарылыстардан одан сайын үрейленіп, тиісті идеяға сын көзбен қарауда. 

Бұдан басқа, АЭС жұмысынан шығатын қалдықтарды кәдеге жарату мәселелесі де туындамақ. Эколог Дмитрий Калмыков республикалық басылымдардың біріне берген сұхбатында мәлімдегендей, қазіргі уақытта Қазақстанда Семей полигонында пайдаланылған радиоактивті заттардың бір ғана шағын қоймасы бар, бірақ оның өзі реакторлық отынға арналмаған.

Осыған байланысты Ulysmedia.kz журналисі Экология министрлігі АЭС құрылысын талқылауға атсалысуда екенін ескере отырып, министрдің станция құрылысына байланысты жалпы нысан ретіндегі пікірін білуге тырысты. Алайда Брекешев бұл жерде де мардымды ештеңе демеді. 

«Жобалық-сметалық құжаттама келіп түскеннен кейін экологиялық сараптама жүргізген кезде осы мәселе бойынша өз пікірімізді ресми түрде жеткіземіз», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында АЭС салу идеясы қазақстандықтар арасында үлкен дау тудырды. Азаматтар адамдар мен қоршаған ортаға төнетін қауіптен қорқып, оның құрылысына қарсы петиция әзірледі. 

Бұл ретте, атом электр станциясын салу жоспарда бар екенін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунға берген сұхбатында тілге тиек етті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та, электр энергиясы тапшылығына нұсқап, атом-электр станциясын салу мәселесін қарауға қайта оралуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары