×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

1 доллар – 500 теңге? Ұлттық банк өкілі болжамын айтты

23.12.2021, 12:18
Фото: Ulysmedia.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов доллар бағамы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық банк ештеңе жасырмайды. Әр ай сайын керекті ақпараттың бәрін жариялап отырмыз. Сұхбаттар да беріліп жатыр. Оқыңыз. Бәрі де онда егжей-тегжейлі жазылған. Теңге бағамына әсер ететін факторлар да сипатталған», - деді ол Сенаттың кулуарында.

Яғни «күні ертең 1 доллар 500 теңге болып кетпей ме?» деген сұраққа шенеунік «жоқ» деп жауап берді.

«Ертең 500 теңге болмайды. Бұл бағытта Ұлттық банктің ресми позициясы өте жіті жазылған. Сұхбат берілді. Сұрақтардың бәріне жауап берілді. Жалпы мен бұл мәселеге жауапты емеспін. Бірақ күні ертең 1 доллар 500 теңге болмайтынын мен де айта аламын», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары