×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Әкім тұрғынды жеке «құттықтаған» боп, қасына суретін жабыстырып қойған

23.12.2021, 16:11
Фото: әлеуметтік желіден

Қазір өшіріліп тасталған жазба Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылының инстаграм-парақшасына орналастырылған деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Онда ауыл әкімі Рүстем Шакизаев жеке барып құттықтағандай кейіп танытып, фотода компьютерлік бағдарламамен кәсіпкер әйелдің қасына өзін қойып қойған. 

«Ауыл әкімі ауылымыздың тұрғыны, ерен еңбек иесі, қайсар ана, ауыл әйелдерінің республикалық форумының қатысушысы, «100 есім», «Асқар шыңға ту тіккен ауыл әйелдері» кітабына енген, шаруа қожалық басшысы Нәжмедденова Балсұлу апамызға барып, құттықтауды жөн көрді. Апамыздың кәсібіне береке, отбастарына амандық тілеп, тәуелсіздік шағымызда атқарған еңбектеріне алғыс айтты», - делінген бүгінде алынып тасталған жазба мәтінінде.

Желі қолданушылары әкімдік аккаунтындағы келесі жарияланымдарға да «мастер фотошопа 90 лвл», «Фотошоп?» деп күдік білдіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары