×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жем-шөпке берілген 700 млн теңге игерілмей қалды

23.12.2021, 22:11
Жем-шөпке берілген 700 млн теңге игерілмей қалды
Фото: ашық дереккөз

Мал азығын арзандатуға бөлінген 1 миллиард 900 миллион теңгенің 700 миллионы игерілмей қалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазір бұл қаржы үкімет резервіне қайтарылды. Министрдің айтуынша, қаржының жұмсалмай қалуына мал басының мемлекеттік базада тіркелмеуі себеп болған. Мұның үстіне заң бойынша субсидия тек аналық бас үшін ғана беріледі. Қазір министрлік бұқа үшін де субсидия беру мәселесін талқылап жатыр.

«Жазда бөлінген ретте Маңғыстау облысында 429 мың бас аналық мал бар деп болжанған еді. Ақша бөлінгеннен кейін ол аналық малдың басы азырақ болды. Көп бас мал ИСЖ жүйеге тіркелмеген. Сатылып кеткен мал жүйеден алынбаған. Маңғыстау облысының әкімшілігімен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Келер жылы малдың барлық басына көмектесуге амал табамыз», - дейді  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.