×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Шетелдіктер елімізде 65 адам өлтіріп, 16 балаға зорлық жасаған

Шетелдіктер елімізде 65 адам өлтіріп, 16 балаға зорлық жасаған
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол қазіргі уақытта еліміздегі босқындар мәселесі, еңбек миграциясы сияқты қызметтер Ішкі істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріліп жатқанын еске салды. Осы орайда депутат 5 жылдағы Қазақстан азаматтығын қабылдау статистикасын келтірді.

«2021 жылы 12 396 адам біздің елдің азаматтығын қабылдаса, олардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан елдерінен оралған қандастарымыз, яғни этникалық қазақтар болып отыр. 2020 жылы бұл көрсеткіш, пандемияға байланысты аз, 9 700 адам болды», – деп тарқатты Ерлан Смайлов.

Жалпы 5 жылда мемлекетімізде 20 877 800 шетелдік болса, оның 1 539 417-сі алыс аймақтардан, 19 338 383-і ТМД аумағынан ат шалдырғаны байқалады. Осы орайда ең көбі 2019 жылы елімізге 6 088 252 адам келіп-кетсе, бұл меже былтыр 3 035 306-ға, биыл 1 232 388-ге төмендеген.

«Ұлттық-қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында маңызды мәселе, шетелдіктер 5 жылда 11 мыңға жуық қылмыс жасады. Оның ішінде адам өлтіру 65, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 249, зорлау 156, балаларға азғындық жасау 16 рет орын алды», – деді мәжілісмен.

Әкімшілік жауапкершілікке кейінгі 5 жыл жүзінде 395 755 бөгде ел азаматы тартылса, оның тек 18 863-і алыс шетелден, ал 377 972-сі ТМД тарапынан келген болып тұр.