×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Путин Тоқаевпен кездесті

28.12.2021, 20:06
Фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдерінің Санкт-Петербургтегі бейресми саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке кездесіп, оны келесі жылы келуге шақырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына тоқталып өтті. Оның айтуынша, Қазақстанға техникалық мамандар қажет, ал білімді Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарында алуға болатын еді.

«Әрине, сіз қозғаған мәселелер өте маңызды. Білім, энергетика, цифрландыру. Бұл маңызды нәрселер. Жыл басында уақыт таба алсаңыз – сізбен кездесуге қуанар едік», - деді Путин.

Бұған дейін Путин Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесу өткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары