×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жарнамадағы сауатсыздықты азайтатын заңға қол қойылды

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша заңдағы жаңашылдықтың бірі арқылы жарнама мен хабарландыру, баға көрсетулері мен мәзірлер, жол белгілері мен нұсқағыштар, өзге де көрнекті ақпарат міндетті түрде мемлекеттік тілде болып, қажет кезде ғана орыс немесе өзге тілдерде берілмек.

Бұған дейін заң авторларының бірі, мұнда көзделген мақсат, қазақ тіліне қатысты сауатсыздықты азайту екенін айтқан болатын.

«Әкімшілік аумақтардың, елдімекендердің, сондай-ақ басқа да географиялық нысандардың дәстүрлі қалыптасқан қазақ атауларын тек мемлекеттік тілде жазуға, мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларын мемлекеттік тілде, қажет болған кезде ғана орыс тілінде жазуға бағытталған түзетулер енгізілді», – дейді Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы.

Серіктес жаңалықтары