×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-бірін 30 жылдықпен құттықтады

03.01.2022, 13:05
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Президенті Си Цзиньпин екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жеделхаттарымен алмасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Елбасы мен ҚХР басшысы да бір-біріне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 30 жылдан кейін Қазақстан мен Қытай халықаралық қоғамдастықта мемлекетаралық қатынастардың дамуының үлгісін көрсетіп, Еуразиядағы тұрақтылық пен өркендеудің маңызды факторына айналғанын айтты.

«Екі тарап қалған шекара мәселелерін толығымен шешіп, ортақ шекараны Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен бірлік көпіріне айналдырды. Мен Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын дамытуға көбірек күш салу үшін бірге жұмыс істеуге дайынмын», – деп жазды Қазақстан Президенті ҚХР Президентіне.

Си Цзиньпин өз жолдауында Қытай мен Қазақстан тату көршілер және мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестер екенін атап өтті.

«Дипломатиялық байланыстар орнаған 30 жыл ішінде Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде сақталып, саяси өзара сенім ұдайы тереңдей түсті, барлық деңгейдегі алмасулар барған сайын тығыз бола түсті. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп дамытудағы ынтымақтастық екі елдің халқына мол нәтижелер мен нақты пайда әкелді», - деді ол.

ҚХР басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президентімен де құттықтау жеделхаттарымен алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындағанын атап өтті.

«Қос тарап өзара сенім мен өзара құрметке негізделген мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын орнатты. Қазақстан Қытаймен әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңірек дамытуға жәрдемдесу үшін жұмыс істеуге дайын», – деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті жеделхатта.

Си Цзиньпин дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 30 жыл ішінде Қытай-Қазақстан байланыстары заман ағымына сай дамып, үнемі жаңа көкжиектер ашып, даму динамикасын үнемі сақтай отырып, тату көршілік, өзара қарым-қатынастың үлгісіне айналғанын баса айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытайға қатысты достық саясатты берік ұстанып, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп дамытудағы ынтымақтастықты тереңдетуге зор үлес қосқанын атаған Си Цзиньпин мұны жоғары бағалайтынын айтты.

Қытай президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның көптен бергі досы екенін және Елбасымен жақсы жұмыс қарым-қатынасы мен терең жеке достықты бағалайтынын атап өтті.

«Мен Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының дамуына үлкен мән беремін және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екі ел және олардың халқы үшін Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестіктің тұрақты және ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесуге дайынмын», – деді Си Цзиньпин.

Серіктес жаңалықтары