×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев деструктивті топтарға ілесіп кетпеуге шақырды

04.01.2022, 19:07
Тоқаев деструктивті топтарға ілесіп кетпеуге шақырды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-де демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады», - деп жазды мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап еткен болатын.

Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Қала тұрғындары ең төменгі жалақы мөлшерін ескере отырып, газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендетуді сұрады.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осы мәселе бойынша Жаңаөзендегі наразы топпен кездесті. Ол жиналғандарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Одан кейін Үкімет газ мәселесі бойынша комиссия құрамын жариялады. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарайтын комиссияны коронавирустың таралуына қарсы күреске жетекшілік ететін вице-премьер Ералы Тоғжанов басқаратын болды.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» сұйытылған газ бағасына қатысты мәлімдеме жасады. Өңірде Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз ЖМҚС желісінің 19 автогаз құю станциясы бар және ұзақ уақыт бойы Маңғыстау облысында сұйытылған газды ең төмен бағаға сатқанын хабарлады.

Сұйытылған газ бағасын 1 литріне 50 теңгеге дейін төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені жайлы Ақтаудағы ереуілдеушілер мен үкімет басшысының орынбасары, арнайы құрылған мемлекеттік комиссия төрағасы Ералы Тоғжановтың кездесуі барысында белгілі болды.

Енді ертең Тоқаев үкімет мүшелерімен кеңес өткізбек.