×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев елдегі ереуілдерге кінәлілерді атады

Тоқаев елдегі ереуілдерге кінәлілерді атады
Фотода: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорда ақпаратына сүйеніп.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде инфляцияға жол бермеу атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі екенін, бірақ оның орындалмағанын айтты.

– Бұл ел Үкіметінің келесі құрамының және министрлер кабинетінің жаңа басшысының ең басты  міндеті болады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссияға, құқық қорғау органдарына және Маңғыстау облысының әкіміне жағдайды тұрақтандыру жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

 Еске сала кетсек, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап еткен болатын. 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осы мәселе бойынша Жаңаөзендегі наразы топпен кездесті. Ол жиналғандарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

3 қаңтарда Үкімет газ мәселесі бойынша комиссия құратынын хабарлады. Оған вице-премьер Ералы Тоғжанов жетекшілік етті. Сұйытылған газ бағасы 1 литріне 50 теңгеге дейін төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Дегенмен шеру бірнеше қалада жалғасты. 4 қаңтар күні түнде Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланды.