×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Елбасын мақтаған Рахым Ошақбаев Nur Otan партиясынан шығуға өтініш берді

19.01.2022, 18:14
Фото: ашық дереккөзден

Рахым Ошақбаев өтініште партиядан шығу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мен, Рахым Ошақбаев Сакенұлы, Nur Otan партиясының мүшелігінен шыққандығымды хабарлаймын, өйткені мен партия еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси саладағы апатқа және лаңкестік әрекеттерге жол бергені үшін, бейбіт уақытта Қазақстан азаматтарының өліміне әкелген шабуылдар үшін сөзсіз моральдық жауапкершілікте болады деп есептеймін. Осыған байланысты мен бұл ұйымда әрі қарай қалуым мүмкін емес деп санаймын», - деп жазылған қызметтен кету туралы өтініште.

Рахым Ошақбаев әр жылдары квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік органдарда лауазымды қызметтер атқарған. Мәселен,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың ақпараттық-талдау департаментінің директоры, басқарушы директоры, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі болған. 2016 жылдан – ТАЛАП қолданбалы зерттеулер орталығының директоры. «Құрмет» орденімен марапатталған. 

Рахым Ошақбаев бұрын-соңды елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтағаны белгілі. Тіпті, оған қатысты талай рет оң пікір білдірген, сұхбаттар берген.

Серіктес жаңалықтары