×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Президент «қастық ойлаушылар» туралы айтты

21.01.2022, 11:19
Фото: Ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі экономикалық күрделі жағдайды қастық ойлаушылар, содырлар мен террористер пайдаланып кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ел өзгерді. Қазақстандықтардың билікке деген қарым-қатынасы да. Байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық жол беруге болмайтындай деңгейге жетті. Табыс жағынан осындай айырмашылық жанған сіріңке мен оқ-дәрі толы бөшке рөлін атқарып, оны содырлар мен террористер, оның артында тұрған қастық ойлаушылар пайдаланып кетті», - деді Тоқаев бизнес қауымдастықпен кездесу барысында.

Президенттің айтуынша, ел билігіне дәл қазір экономикалық саясатты қайда жандандыру керек.

«Жаңа ойын ережесін айқындау керек: ол адал, ашық әрі әділ болуы тиіс. Біздің елде экономикалық өсімнің пайдасын шектеулі элита тобы көре бастады. Ал көпшіліктің табысы азайып, стагнацияға ұшырады», - дейді президент.

Серіктес жаңалықтары