×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«Жасыл даму» утиль алымды қашан ала бастайды

21.01.2022, 16:29
Фото: gov.kz

24 қаңтарынан бастап «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдерін қабылдау бойынша жұмыстары жанданады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «ӨКМ Операторының» ЖШС қызметін тоқтату жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында айтылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Бүгін экология министрі Серікқали Брекешев қоғам және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» ЖШС тоқтатылуына және оның функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ-ға беруге байланысты жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп, онда кәдеге жарату алымын әкімшілендіру мәселелерін қарастырды.

Айта кетерлігі, Үкіметтің шешіміне сәйкес «ӨКМ Операторы» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың жүз пайыздық үлесі мемлекет меншігіне қабылданған болатын.

Алынған кәдеге жарату төлемдері Экологиялық кодексте көрсетілген бағыттар бойынша қатаң түрде жұмсалады.

«ӨКМ қағидатын енгізу ең алдымен, бизнестің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерін құру есебінен қалдықтармен жұмыс істеу саласында елдегі проблемалық мәселелерді шешуге әсер етті. Бүгінде біз қалдықтарды қайта өңдеу үлесінің 2016 жылғы 2,6% - дан 2021 жылы 21% - ға дейін артқанын көріп отырмыз, осы кезеңде 264 мың тонна қаптама қалдықтары, 310 мың тонна автомобиль бөлшектерінің қалдықтары жиналып, кәдеге жаратылды», - деді министр.

Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ екінші деңгейлі банктерде шоттар ашып, сондай-ақ төлем жүйелеріне өзгерістер енгізуде. Дүйсенбіден бастап, яғни биылғы жылдың 24 қаңтарынан бастап «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдерін қабылдау бойынша жұмыстары жанданады.

Сондай-ақ, ауылшаруашылығы техникасына бұрын берілген жеңілдік сертификаттары (ваучерлер) жарамды және келесі аптадан бастап жаңа оператор бұрынғы ӨКМ Операторының сайты арқылы істен шыққан көліктерді жеткізуге өтінімдерді қабылдай бастайды. Ескі көліктерді қабылдау пункттері де қайта ашылады.

Бұдан басқа, ӨКМ тетігінің ашықтығын жүзеге асыру мақсатында мүдделі тараптармен бірлесіп, ӨКМ операторының қызметін дамыту стратегиясы және инвестициялық саясат, қолданыстағы рәсімдерді оңайлату бойынша қолданыстағы талаптар қайта қаралатын болады.

Серіктес жаңалықтары