×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия – Үндістан» саммиті басталды

27.01.2022, 17:31
Фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бейнебайланыс режимінде «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Іс-шараға Қазақстан Президентінен бөлек, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Президент шетелдік инвесторларды, оның ішінде қытайлық серіктестерін одан әрі жан-жақты қолдауға мүдделі екенін жеткізді.

«Қазіргі кезде Қазақстан Үкіметі инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа инвестициялық саясат әзірлеуде. Мұндай саясат – Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының ажырамас бөлігі», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы өзара ықпалдастықтың және инфрақұрылымдық, оның ішінде «Бір белдеу – бір жол» мегажобасы аясындағы жобаларды іске асырудың стратегиялық сипатын атап өтті. Президенттің айтуынша, өткен 30 жылдың ішінде Орталық Азия мемлекеттері тату көршілікке және бір-біріне тұрақты қолдау көрсетуге негізделген шынайы ынтымақтастық орната алды.

Серіктес жаңалықтары