×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Елордада 6,5 млрд теңгеге тағы бір ипподром салуға кім мүдделі

07.02.2022, 08:27
Коллаж: ulysmedia.kz

Елордалық мәслихаттың бюджет жөніндегі комиссиясының Төрағасы Владислав Сергеев 6,5 млрд теңге тұратын ипподром құрылысына қарсы шықты. Ulysmedia.kz Nur Otan-дық депутат жергілікті биліктің шешімімен неге келіспегенін, әкімдік қандай құрылыс бастайтынын және жаңа спорт кешенін салуға кім қызығушылық танытып отрығанын анықтап көрді.

Депутат Владислав Сергеев бәленбай миллиард тұратын кешен салу бастамасы елорда әкімдігіне тиесілі екенін айтады. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 6,5 млрд теңгеге ипподром ашу идеясын қала басшысы Алтай Көлгінов та қолдаған.

  - Жұма күні мәслихат сессиясында бюджетті жоспарлау бойынша пункттердің бірі ипподром құрылысына қатысты мәселе қаралды. Олар алғаш рет 3 млрд, содан кейін тағы да қосымша қаржы салды, нәтижесінде жалпы сома 6,5 млрд-қа жетті, әкімдік пен актив басқармасы бұл иппотерапия үшін екенін айтады, - деді Сергеев.

Фото: Депутат Владислав Сергеев

Депутат мұндай ақшаға ипподром салудың қажеті жоқ екеніне сенімді. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бұл қаражатты оңалту орталықтарын дамытуға, арнайы жабдық, инвотакси сатып алуға және ерекше балалардың басқа да қажеттіліктеріне жұмсалғанын қалайды.

 - Бұл ипподром Қосшы ауданында салынуда. Сіз церебральды сал ауруы бар балалар ол жерге қалай баратынын елестетесіз бе? Қазір басымдықтарды қайта қарастыруға болатын уақыт. Бұл жерде мүгедек балалардың қажеттілік мәселесі. Мен қарсы дауыс бердім, өйткені алдымен жобаны талқылап, қаншалықты қажет екенін түсіну керек болды. Мен қарсы болғандықтан, маған бір апта бойы шабуыл жасап жатыр, жалған ақпарат, лас әңгіме тарауда, - деп қосты депутат.

Қала тұрғындары Сергеевтің пікірін қолдайтынына және мұндай соманы сұраныс жоқ нысанға жұмсау себебіне қарамастан, мәслихаттағы 28 депутатының 26-сы елордалық бюджет жоспарын, оның ішінде ипподромды мақұлдады.

 - Бұл күрделі бюрократиялық цинизм. Ауру балаларды алға тартып, 6,5 млрд теңге бөлу, кейін оны аздаған сомаға жекешелендіру, - деп жазады Бекжан Киманов Facebook-те.

Айта кету керек, іс әлі тендерге дейін жетпесе де, миллиардттаған тапсырысты орындаушымен мәселе шешілген. Дереккөздің айтуынша спорт кешенінің құрылысын «Nur Astana Kyrulys» ЖШС-не беру жоспарланып отыр. Ал компанияның мүдделерін қазақстандықтарға танымал саясаткерлер - Бауыржан Байбек пен Бекболат Тілеухан қолдап отыр.

Коллаж: Бауыржан Байбек және Бекболат Тілеухан

Еске салсақ, елордада 2016 жылы әкімдіктің «Астана» көкпар клубы» МКҚК-ны белгілі бір жеке тұлғаға өте төмен бағаға сатылып кетті. Ипподром 198 700 теңгеге жекешелендірілді. Жаңа иесіне жылқы да, қызметтік көлік те, алдын ала 41 174 000 теңгеге бағаланған барлық жабдық та берілді. Сол жерде «Тұлпар» клубы орналасты, онда 150-ге жуық бала ат спорт түрлерін игерді.

- Елестетіп көріңізші, біз оны алдымен саттық, ал бірнеше жылдан кейін 6,5 миллиардқа салуды шештік. Әкімдік жанында «Тұлпар» спорт кешені болды, онда дәл осы иппотерапия болды. Олар оны жекешелендіруге қойып, осындай күлкілі сомаға сатты, - деп тағы бір дәлел келтіреді депутат Сергеев.

 Депутат елордада үш млрд теңгеге тұтас мектеп салуға болатынын түсіндіреді.

 - Мектепке 2,5 мың бала барады. Бұл ақшаға тек оңалту орталықтарын ғана емес, толыққанды аурухана салуға болады. Президент бұл туралы бюджетке үнемді қарау керектігін айтады, - деді депутат Сергеев.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басында Президент Тоқаев қазақстандық Мемлекеттік сатып алу жүйесін сынға алды. Оның айтуынша, барлық нормативтік сүзгілерге қарамастан, белгілі бір тендерді кім жеңетіні алдын-ала белгілі.

Мемлекет басшысы Үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сатып алуды реттеу тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары