×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстанда қаржы пирамидалары 54 млрд теңгені қалтаға басқан

07.02.2022, 12:47
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің 31 мыңнан астам азаматы қаржы пирамидаларына алданған. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкін заңсыз иелену мақсатында құрылған қаржы пирамидалары, соңғы жылдары кең таралған қылмыс түріне жатады. Қаржы пирамидаларының көбеюіне жәбірленушілер санының күрт өсуі әсер етті. Ал олардан келген жалпы залалдың мөлшері миллиардтарды құрады. Бүгінде 31 мыңнан астам қазақстандық қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Шығын көлемі 54 млрд теңгеден асып түседі»,  деді Санжар Әділов.

Серіктес жаңалықтары