×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жамбылда балаларды заңсыз діни ұйымдардың жұмысына тартқан өзбекстандық ұсталды

25.01.2023, 12:34
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында балаларды заңсыз діни ұйымдардың жұмысына тартумен айналысқан, мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының ҰҚКД-мен бірлесіп 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын қолға түсірген.

«Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған», - делінген хабарламада.

Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары