×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Сайлау: Екі жаңа партия қай өңірлерде кандидат ұсына алады?

27.01.2023, 12:32
фото: ашық дереккөзден

Елімізде жаңадан тіркелген партиялар – «Байтақ» жасылдар партиясы мен Respublica партиясына бірқатар өңірде мәслихат депутаттары сайлауына қатысатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, «Байтақ» жасылдар партиясы Қазақстанның 15 өңірінде мәслихат депутаттығына өз кандидаттарын ұсына алады. Бұл – Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Ал Respublica партиясына 19 өңірде сайлауға қатысуға рұқсат берілген. Бұл – Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Партиялардың барлық өңірде филиалдары құрылмағандықтан, сайлауға қатысуға ішінара рұқсат беріліп отырғаны айтылды. Егер кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанға дейін партиялар өңірлік филиалдарын құратын болса, басқа өңірлерде де қабылдауға мүмкіндік алады.

Еске салайық, елімізде 19 наурызда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Бұдан бұрын саясаттанушы Санжар Боқаев Мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеген.

 

Серіктес жаңалықтары