×
448.81
476.82
4.77
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.81
476.82
4.77

Біз әрдайым журналистер жағындамыз – министр БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар жайлы

31.01.2023, 11:49
фото: ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамды даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне жасалған түрлі шабуылдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен қыркүйек айынан бері 6 рет арнайы мәлімдеме жасадым. Ақтөбедегі оқиғадан бастап журналистердің құқықтарын қорғауға, оларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенімізді айттық.  Ол туралы әлеуметтік желіде де, жеке өз аккаунттарымда да баяндадым. Сонымен қатар, ол журналистермен кезедстім, сөйлестім. Мысалы, Самал Ибраевамен сөйлестім. Сол сияқты Гүлжан Ерғалиевамен кездестім және басқаларға да  біз қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік. Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді.  Сол бойынша кейбір азаматтар ұсталуда. Сондықтан өзіміздің бақылауымызда ұстап отырмыз. Әр уақытта журналсыстердің  жағында және оларды қолдауға әзір екенімді тағы да айтқым келеді», - деді үкімет кулуарында Дархан Қыдырәлі.

Министр журналист Динара Егеубаеваға жасалған шабуылдың тапсырыс берушілері туралы да пайымын айтты.

«Ол бойынша қазір зерттеу жүргізіліп жатыр.  Жақында айтылады ғой деп ойлаймын. Жалпы 5 адамды тапты. Бірақ оларға тапсырыс беруші кім?  Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да анықтап айтты. Тек қана орындаушылар емес, бұларға тапсырыс берушілерді...  Мұнымен құқық қорғау органдары айналысады. Сондықтан жақында жауабын білесіздер деп ойлаймын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары