×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бұдан былай Астанада көлік тұрағы жоқ үйлер құрылысына рұқсат берілмейді

31.01.2023, 15:26
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы президент мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек. Жалпы, ашық алаңда орналасқан автотұрақтар ақылы болуы керек.

Сондай-ақ Министрліктер үйінің маңында автотұрақ тапшы. Жұрт көлігін қайда қоярын білмей әуре-сарсаңға түседі.

Бас прокуратура және Жусан банкі ғимаратының ортасында бос жер бар. Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң да бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын”, - деді Тоқаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын мемлекет басшысы елордадағы интернет сапасын сынға алған.


 

Серіктес жаңалықтары