×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Ұлытаудың жаңа әкімі Тоқаевқа өңірдің алдағы даму жоспарын баяндады

Бүгін, 14:58
Ұлытаудың жаңа әкімі Тоқаевқа өңірдің алдағы даму жоспарын баяндады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

– Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды, – делінген хабарламада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

Еске салайық, бұған дейін президент жарлығымен Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылғанын, оның орнына Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған Есет Байкен басшы болып тағайындалғанын хабарлаған едік.