×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Өнімдердің 90%-ы – шетелдікі: Боқаев Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап етті

24.02.2023, 12:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Саясаттанушы және қоғам қайраткері Санжар Бөкаев әлеуметтік-экономикалық эксперимент жүргізді. Бұл үшін ол көлік сатып алып, оны шағын жылжымалы дүкенге айналдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Таңғы сағат 4-те біз өнімдерді сатып алу және талдау жүргізу үшін “Алтын Ордаға” бардық. Көкөністер мен жемістердің шамамен 40%-ы бізге Қытайдан, тағы 30%-ы Өзбекстаннан, 20%-ы басқа елдерден әкелінетінін байқадық. Яғни, біз өзімізді отандық өніммен небәрі 10% қамтамасыз етеміз. Бұл өте қауіпті жағдай, өйткені сайып келгенде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне, яғни ұлттық мәселеге тіреледі. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрі өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазып, қызметінен кетуі керек деп санаймын", –  деді ол.

Сондай-ақ, Боқаев Алматыдағы “Алтын Орда” базарында азық-түлік тауарларын сату жүйесі қалай құрылғанын түсіндірді.

"Ең алғашқы алыпсатар базарға келген Камаздағы барлық өнімді сатып алып, көкөністерді ірі көтерме саудагерлерге сатады. Екінші алыпсатар оларды өз қоймасына апарады және сол жерден шағын көтерме саудагерлерге сатады. Яғни, базардың ішінде-ақ азық-түлік бағасы 45%-ға өсіп отыр. Бұдан кейін үй маңындағы дүкендер өз пайызын қосады, бұл бөлек әңгіме", - деп толықтырды Санжар Боқаев.

Автордың айтуынша, оның эксперименті биліктің іс-әрекетінің тиімділігін бағалауға бағытталған. Боқаев мүдделі тұлғалармен бірге әлеуметтік жәрмеңкелерді аралап, ондағы бағалар “Алтын Ордаға” қарағанда 40-50%-ға жоғары екенін анықтады.

"Экспериментке көшейік: біз көкөністер мен жемістерді сатып алу бағасына небәрі 20% қостық және біздің өнімдеріміз қала бойынша ең арзан болып шықты. қосылған жиырма пайыз іске асыру шығындарын жабуға және ақша табуға жеткілікті екендігі анықталды. Сондықтан жоғары баға үшін тек билікті кінәлауға болмайды: көбінесе қымбатшылықты тауар бағасына 50-70% үстеме қосатын қарапайым саудагерлер қолдан жасайды", - деп түсіндірді саясаттанушы.

Боқаевтың пікірінше, Magnum супермаркеттер желісі шарықтаған бағалар үшін жіті тексерілуі тиіс.

"Тұтас сауда министрлігі құрылды, ондағылар не істеп отыр? Олар тіпті артық төлемдердің қайдан шыққанын да білмейді. Мен осы процестердің барлығын түсіну үшін базарлар мен басқа жерлерді аралап жүрмін. Ал сіздер Астанада отырып алып, бірдеңені басқарамын деп ойлайсыздар. Бірақ өзің түсінбейтін нәрсені қалай басқаруға болады?", - деп таңғалды Санжар Боқаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Санжар Боқаев Мәжіліске кандидат ретінде тіркелген.

Серіктес жаңалықтары