×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Дархан Жүнісбековтің мәйіті ертең елге жеткізіледі

27.02.2023, 16:34
әлеуметтік желіден

Ертең Алматыға Таиландта жол апатынан көз жұмған әнші Дархан Жүнісбековтің мәйіті жеткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Ертең Алматыға марқұмның мәйіті Air Astana әуе компаниясының ұшағымен жеткізіледі. Барлық шығынды аталған компания өзіне алды. Ақша жинауға қатысты түсінік берген жөн болар, продюсердің айтуынша, бүгінге дейін жиналған барлық қаражат қайтыс болған отандасымыздың туыстарына беріледі», - деді ресми өкіл баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбеков 24 ақпан күні Таиландта қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары