×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Қазақстанда 5,3 млн адам «Спутник V» алған: Олар АҚШ-қа кіргізілмей ме?

29.09.2021, 17:14
Коллаж: ulysmedia.kz

АҚШ елге кіру тәртібін өзгертуге дайындалып жатыр.

ҚАЗАҚСТАНДА КІМ ҚАНДАЙ ВАКЦИНА АЛДЫ

Америка құрама штаттары қараша айынан бастап ДДҰ немесе америкалық агенттік мойындамаған вакцина алғандарға елге кіруге тыйым салмақ. Ресей билігі бұған наразылық білдіріп жатыр. Себебі ДДҰ «Спутникті» ресми мойындамай отыр. Дума депутаттары, кейбір инвестқор басшылары мұны қып-қызыл дискриминация деп мәлімдеді. Жуырда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясы өткізген жиынға барғандар да түрлі шектеулерге ұшыраған. Мәселе осы кезде де көтерілген-ді.  

Ал Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың хабарлауынша, Қазақстанда бүгінге дейін 6,5 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы толық вакцина алды. Ол келтірген мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың вакцинаны таңдау жағынан көрсеткіш мынадай:

QazVac – 151 390 адам;

Hayat-Vax, Sinofarm, Vero Cell – 729 425 адам;

CoronaVac – 235 147 адам;

Спутник V – 5 368 703 адам.

ЖАҢА ЕРЕЖЕ  ТУРАЛЫ

BBC-дің хабарлауынша Америка Құрама Штаттары қарашадан бастап екпе салдырған барлық туристерді қабылдамақ. Қазір 14 күнде Шенген елдерінде, Иран, Ұлыбритания, Ирландия, Бразилия, Оңтүстік Африка және Үндістанда болған өзге ел азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынады. Бұл тізімге Ресей кірмейді, визасы бар және коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсеткен ресейліктер елге емін-еркін келіп-кетіп жүр.

Ал өткен аптада Америкаға ДДҰ бекіткен вакцинаны алғандар ғана жіберілетіні белгілі болды. Дегенмен, «Ақ үй» бұл мәселе бойынша соңғы шешім әлі қабылданбағанын хабарлады.

“СПУТНИК” НЕДЕН СҮРІНДІ

Ресейдің «Спутник V» вакцинасы әлемде бірінші болып тіркелді. Бірақ ресейлік өндірушілер тиісті сынақтарды өткізбеді деген күдікке ілінді. Ресейдің өзінде вакцинация баяу жүрді, бұған халықтың препаратқа сенбеуі себеп болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Спутник» вакцинасын көктемінен бері тексеру үстінде. Шешім қабылдау мерзімі бірнеше рет шегерілді. Мамырда ДДҰ «Спутник V» қауіпсіздігіне қатысты бағалауды маусымның соңы немесе шілдеде жария ететінін мәлімдеді.

Ұйымының «Спутник» туралы соңғы мәлімдемесі 15 қыркүйекте жарияланды. Ресейлік вакцинаны шығаратын зауыттардың бірі ДДҰ тексерісінен өтпегені анықталғандықтан сертификаттау процесі тоқтатылды.

«Тексеру кезінде «Спутник» вакцинасын өндіруге қатысы бар зауыттардың бірінде озық өндірістік тәжірибе «жаңа ережелерге» сәйкес келмейтіні анықталды», – деді Денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Сарапшылардың айтуынша, ДДҰ талабына сай келмеген өндіріс кемшіліктерін жою үшін Ресейге шамамен алты ай қажет болуы мүмкін.

Бұған қоса, шілдеде Ресей Боливияға вакцинаны жеткізуді тоқтатып жатыр деген ақпарат тарады. Бір ай бұрын, Гватемаланың Денсаулық сақтау министрі Амелия Флорес «Спутниктің»-тің 16 миллион дозасын жеткізу үшін сәуірде төленген 79 миллион доллар авансты қайтаруды сұрады. Ел үкіметінің мәліметінше, маусым айының соңына дейін тек 150 мың доза жеткізілген.

Ал Ресей ғалымдары тамызда жүргізген бағалауға сәйкес, вакцина ауруы асқынғандардың 81%-да тиімді нәтиже көрсеткенін  жария етті.

Серіктес жаңалықтары