×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ата-аналар қарсы: Ел мектептерінде cоңғы қоңырау соғылатын күн қайта өзгеруі мүмкін

07.03.2023, 16:38
фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігінің оқу жылының ұзақтығын 1 маусымға дейін ұзарту туралы шешімі қайта қаралуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ведомство басшысы Ғани Бейсембаев мәлім етті.

"Шешім қабылданды, оны биыл бірден өзгерту оңай емес. Бұл алдын-ала қабылданған оқу жоспарларына, мұғалімдердің сағаттары және оқу материалының көлеміне әсер етеді. Қабылданған шешім биыл жүзеге асырылады", – деді министр үкімет кулуарында.

Министрдің сөзінше, бұйрықты қайта қарау үшін тағы да оқу қауымдастығы және ата-аналарды жинап, кеңес өткізілмек.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Оқу-ағарту министрлігі биылдан бастап 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтетінін мәлімдеген еді. Министрліктің бұл шешімі қоғамда резонанс тудырды. Қостанайлық оқушылардың ата-аналары оқу жылын ұзартуға наразылық білдіріп, өңірдің білім басқармасы министрлікке хат жолдады.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған "2022-2023 оқу жылының аяқталу мерзімдерін бекіту және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы" бұйрық жобасы қоғамдық резонанс тудырды. Құжат астына бір-екі күннің ішінде 200-ден астам жағымсыз пікір жазылған.

Серіктес жаңалықтары