Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Достық» туралы айтсақ, алғашқы партия кеткенін білесіздер. Екінші партиясы наурыз айында 20 мың тонна болады. Нақты қашан екенін қазір айту қиын. Құжаттарды рәсімдеп жатырмыз. Алғашқы партия 300 мың тонна болады деп келіскенбіз – айына 20 мың тоннадан. 20 мың дегеніміз дәл сол келісімнің міндеттемесіне сәйкес келеді. Сонда айына орта есеппен 20 мың тонна деген сөз», - деді Болат Ақшолақов Үкімет кулуарында.
Министр сәуір айында тағы 20 мың тонна жөнелту жоспарланып отырғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған. Ақпан айында Қазақстаннан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізілді. Наурызда да бұл елге дәл осындай көлемде қара алтын экспортталмақ.
Бұдан бұрын ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда мұнай бағасы қанша болуы керегін айтқан.