×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Көңілім толмайды": Жұманғарин инфляциямен күрес туралы

19.03.2023, 12:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы инфляцияға қарсы күрес жұмыстарына баға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Серік Жұманғариннің сөзінше, өз қызметіне кіріскен кезде оған инфляцияны тоқтатудан басқа міндеті жоқ екені айтылған. Министр жеті ай бойы ол тек осы мәселемен айналысқанын алға тартты.

"Мен нәтижеге көңілім толмайды, бірден айтайын. Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 20%-ға, азық-түлік инфляциясы 21%-ға дейін шарықтады. Бірақ жұмыс жүйелі түрде жүргізілді, біз 140 мың тоннадан астам өнім қорын құра алдық. Ақпан айының соңында бірінші рет дефляцияға қол жеткіздік. Ендігі міндет – оны сақтау. Менің ойымша, инфляция мәселесінің тамыры тереңде: өз өндірісімізді дамытуымыз керек", – деді ол.

Айта кетсек, бұдан бұрын премьер-министр Үкімет отставкаға кететінін айтқан. Оның пікірінше, министрлер кабинеті экономиканың өсімін қамтамасыз ете алды.

Еске салсақ, 2023 жылғы қаңтарда елдегі жылдық инфляция 20,7%-ға жетті. Азық-түлік тауарларының бағасы қаңтарда 25,7%-ға өсті.

Серіктес жаңалықтары