×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Балаларына 4 млн теңге қарыз: ШҚО-да алимент төлемеген әкеге үкім шықты

05.04.2023, 08:23
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында ер адам балаларына 4 млн теңге алимент төлемеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметінше, ер адам 2018 жылы кәмелетке толмаған қызы мен ұлын асырау үшін жалақысының үштен бір бөлігі мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелген.

Алайда 5 жыл бойы ол мүлде алимент төлемей келді.

Осылайша, сот орындаушысының талаптарын елемеген азамат 12 және 15 жасар балаларын асырау міндетін орындамаған.

Оның алимент бойынша қарызы 4 млн теңгеден асты.

Ер адамға сот актілерінің міндетті екені және қатаң түрде толық көлемде орындалуы тиістігі ескертілген.

«Қазір ер адам пробациялық бақылауға алынды. Сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Сондай-ақ айыпталушыға жұмысқа орналасу қажеттігі, егер тұрақты жұмысы болмаса әкімдік белгілеген мекемелерде 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылатыны түсіндірілді. Алимент төленбеген жағдайда ол бас бостандығынан айырылады», – дейді Сол жағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ұлабек Жайбек.

Серіктес жаңалықтары