×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Путинді тұтқындауға ордер берілуі: Ресей басшысы Қазақстанға келгенде қамауға алына ма

05.04.2023, 13:57
kazan.mk.ru

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Халықаралық қылмыстық соттың Владимир Путинді тұтқындауға ордер беру туралы шешімі Ресей Федерациясы басшысының Қазақстанға сапарына қалай әсер ететіні жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости-ға берген жауабында Қоныспаев Қазақстан Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутына қол қоймағанын, осыған байланысты Астана Ресей басшылығының сапарларын ұйымдастыруға ешқандай кедергі көрмейтінін айтты.

"Бізге Рим жарғысы қолданылмайды. Бізде сапарларға ешқандай шектеулер жоқ. Егер жоғары деңгейде сапарларды ұйымдастыру туралы тиісті шешім қабылданса, онда, әрине, біз жұмысты жалғастырамыз", - деді  Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Путинді украиндықтарды заңсыз депортациялағаны үшін кінәлі деп танығандықтан оны тұтқындауға санкция бергені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары