×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Талаптары әлі айқын емес": Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшылардың наразылығы жайлы

11.04.2023, 10:27
"Талаптары әлі айқын емес": Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшылардың наразылығы жайлы
Фото: Ulysmedia.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанаға келіп наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Менің түсінігімде бұл акция елді дүрліктіріп, көптің назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметіне кедергі келтіру мақсатында өткізіліп отыр. Өйткені біздің қызметкерлер министрлік алдына өте көп адам жиналғандықтан жұмысқа кіре алмай отыр. Біз ашық диалогты қолдаймыз. Қолымыздан келгенді жасадық”, – деді министр үкімет кулуарында журналистердің сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ, ол  жұмысшылармен тілдесуге шықпаған себебін түсіндірді.

“Келіссөздердің бірнеше кезеңі болады. Алдымен наразылық білдірушілердің нақты позициясын түсініп, мәселенің түп-төркінін анықтап алу керек. Егер мәселе министр, үкімет деңгейінде шешілу керек болса – шешеміз. Келіссөздер жалғасады. Менің шығуым қажет болса, міндетті түрде шығамын. Талаптары әлі айқын емес, кеше басқа, бүгін басқа талап қойып отыр, ертең не дер екен? Күтейік, әріптестер ”, – дейді Сәтқалиев.

Министр жиналғандардың барлығына жаңа компанияға олардың алып жүрген еңбекақасымен шамалас жалақысы бар жұмысқа орналасу ұсынылғанын атап өтті.

"Жалақысы айтарлықтай жоғары. Дегенмен, көптеген қызметкерлер бұл ұсыныстан бас тартып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдында пикет өткізуді құп көрді", - деді ол.

Тілшілер Сәтиқалиевтен адамдарға көшеде түнеуге рұқсат етілу себебін де сұрады.

"Сыртта түнеу – бұл адамдардың өз таңдауы", – деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, кеше Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған жүзге тарта жұмысшылары Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына наразылық білдірді.

Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етеді. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейміз дейді. Олар таңды сол жерде атырды.