Бұл туралы қалалық Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Тоғжұманов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жыл басынан Астана қаласының аумағында заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдіктер анықталды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 431-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуда. Осы жыл басталғаннан бері қазіргі уақытқа дейін шамамен 20-дан астам жүргізуші анықталды. Олар Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа шет елдердің азаматтары. Бүгінде шетелдіктер сот шешімімен жауапқа тартылып жатыр», – деді ол баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлер ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылмақ. Яғни олар салық төлеуге міндеттеледі.