×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

220 келі тағамның мерзімі өткен: Ақтауда дәрігерлер астан уланған мейрамхананың былығы ашылды

21.04.2023, 11:53
көрнекі фото

Ақтауда дәрігерлердің жаппай астан улануы бойынша тексерістен кейін мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

Департамент басшысының орынбасары Асылбек Шаровтың айтуынша, қонақ үй кешеніндегі мейрамханаға тексеру жүргізілген. Онда 20 қызметкердің жалған медициналық кітапша жасатқаны анықталған. Ал төртеуінде мүлдем болмаған.

Сондай-ақ тексерілген 21 қызметкердің жетеуінің ағзасынан стафилокок табылған. Оған қоса мейрамханадан жарамдылық мерзімі өткен 220 келі көлеміндегі 73 түрлі тағам анықталыпты.

«Жоспарға сай тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған өрескел санитариялық талаптарды бұзушылар адам денсаулығына әкеліп соққан әрекеті үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 425-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекеті бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды», - деді Асылбек Шаров.

Енді бұл іспен Ақтау қаласының полиция басқармасы айналысады.

Айта кетсек, 12 сәуір күні Ақтауда аталған мейрамханаға ауызашарға барған 16 дәрігер астан уланып қалған. Оның ішінде 6 адам амбулаторлық емге жолданса, 10 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Қазір медицина қызметкерлерінің жағдайы жақсы.

Серіктес жаңалықтары