×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

15 күннен соң босатпауы мүмкін: Ахмедияровты қылмыскерлердің камерасына ауыстырған

21.04.2023, 15:41
әлеуметтік желіден

Бейбіт жиындар жөніндегі заңды бұзды деп айыпталған белгілі журналист Лұқпан Ахмедьяров, қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ахмедьяровтың әріптестері мен серіктестері оны 15 тәуліктен кейін босатпауы мүмкін деп болжайды. Журналист Рауль Упоров Ахмедияровтың жазбасын жариялады.

"Лұқпан Ахмедьяров қылмыстық істер бойынша күдіктілер отырған камераға ауыстырылды, бірақ қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қаулы берілмеді. 15 күннен кейін Лұқпанды шығармауы мүмкін", - деп жазды Упоров.

Еске салайық, 12 сәуірде әлеуметтік желідегі тікелей эфирде Ахмедияров көлігін күштік құрылым жауынгерлері тоқтатып, тінтіп жатқанын көрсеткен.

Видеода журналист өзін неліктен тоқтатқанын анықтауға тырысқанымен, мардымды жауап ала алмаған.

"ҰҚК қызметкерлері тоқтатты. Мені ұстауға тырысып жатыр, неге екенін білмеймін. Мына “қайраткерлер” мені ұстап әкетпек.  Жалпы, мен Шолохов көшесіндемін. Таңертеңнен бері соңымнан аңдып келеді", - деді журналист.

Ұзақтығы 20 минуттан асатын видеоның соңында журналиске кете беруге рұқсат етілген. Алайда, сәл кейінірек әріптестері Facebook-те Ахмедияровтың ұсталып, 15 тәулікке қамалғанын хабарлады.

Ахмедияровтың қамауға алынуына 9 сәуір күні Оралдағы "Қазақтың даңқты қыздары" ескерткішінің алдына шығып, сөз сөйлеуі себеп болған. Ол бейбіт жиындар жөніндегі заңды бұзды деп айыпталды.

Журналист сот шешіміне наразылық білдіргенімен, Батыс Қазақстан облыстық соты оның апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ.

Серіктес жаңалықтары