×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Мусин биыл қалаларда интернетті жақсартуға уәде берді

25.04.2023, 09:31
inbusiness.kz

Цифрлық даму және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Астанада интернет нашар тартатын тұрғын үй кешендері анықталғанын,  басқа қалаларда да сол бағытта жұмыс жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әкімдіктер бізге жер телімдерін ұсынуда. Операторлар сол жерлерге антенналарды орналастырып жатыр. 67 орын (Астанада) нақтыланған. Басқа қалаларда да. Қалаларда биыл интернет жақсарады», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу жоспарланған. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60%-ды құрайды.
 

Серіктес жаңалықтары