×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мамай ісі: Amnesty International халықаралық ұйымы Тоқаевқа үндеу жолдады

28.04.2023, 13:42
Мамай ісі: Amnesty International халықаралық ұйымы Тоқаевқа үндеу жолдады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы сотталған белсенді Жанболат Мамайды қолдауға арналған жаңа науқан басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құқық қорғаушылар Жанболат Мамайдың өз көзқарастарын бейбіт түрде білдіргені үшін жазықсыз сотталғанына сенімді.

Ұйым мүшелері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған үндеуінде Мамайды босатуға шақырды.Олар оған берілген жаза, енгізілген барлық шектеулер күшін жоюы тиіс деген пікірде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сот Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде соттады. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды.

Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

«Билік өкілін қорлады» деген айып тағылған белсенді сотта нақты есімдерді атамағанын, құқық қорғау жүйесін сынға алғанын айтқан. Әдейі жалған ақпарат таратқан мәлімет бойынша, Мамай оның қатысы бар екендігі туралы нақты дәлелдер жоқ екенін айтты.

27 наурызда өткен сот отырысында сөйлеген сөзінде Жанболат Мамай өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Прокурор оны 6,6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұдан бұрын Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы прокуратураның Мамайға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды айып тағуын негізсіз деп есептейтінін мәлімдеген. 10 ақпанда өткен сот отырысында Жанболат Мамайдың қорғаушысы судьяға сенімсіздік танытқан. Себебі, ол бұрын процесте бақылаушы болған адамдарды куә ретінде сұраудан бас тартты. Ал олардың арасында белгілі саясаткер Төлеген Жүкеев пен Демпартия бастамашыл тобының мүшесі Дәурен Достияров та бар. Олар өте маңызды мәлімет бере алатын куәгерлер. Себебі, дәл сол «Алматы Арена» маңында болған оқиғаларды бастан аяқ көзімен көрген, құлағымен естіген.

Жуырда халықаралық Freedom Now ұйымының өкілдері Жанболат Мамайдың ісін жіті қадағалап отырғандарын мәлімдеп, қажет болған жағдайда оның мүддесін халықаралық сотта қорғауға дайын екендерін жеткізген.