×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанның қант импортына тәуелділігі 90%-дан асып жығылды

02.05.2023, 11:34
agrosak.com

Бұл туралы ҚР сауда және инвестициялар министрі – вице-премьер Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тоғыз атауы бойынша 16,2%-дан 55,9% - ға дейін импортқа тәуелділік бар және қант бойынша импортқа тәуелділік 90%-дан асады", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан негізінен тауық еті, ірімшік пен сүзбе, сары май мен күнбағыс майы, макарон және маусымаралық кезеңде – қырыққабат пен пияздың импортына тәуелді.

Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев Қазақстанда инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, мұның себебін ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нәтиже жоқтығымен байланыстырды.

“Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз”, – деді мемлекет басшысы.

 

Серіктес жаңалықтары