×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

«Полицейлер шаш ал десе, бас алады»: депутат журналистерге қысым көбейгенін айтты

10.05.2023, 09:39
Sputnik

Мәжіліс отырысында депутат Жанарбек Әшімжан елімізде журналистерге қысым көбейгенін айтып, ІІМ басшысына сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі қоғам белсенділеріне қатысты іс-шаралар жүргізіліп жатыр, әрине, тәртіпті бұзғандар әртүрлі жағдайда заңмен жауап беруі керек. Бірақ, жекелеген журналистердің қызметіне қатысты түрлі әрекеттер жасалып жатыр. Өткен аптада талантты журналист, Бостон, Лондон, Токио марафондарында жүгірген Еренғайып Қуатаев деген азаматты  Алматыдан ұшып келіп, Қарағандыға бара жатқан жерінен ұстап, 4,5 сағат қамауда отырғызып, қолынан із алған. Ол саясатқа қатысы жоқ азамат. Бұл - жекелеген бір ғана мысал. Әртүрлі мысалдар бар. Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан үлкен реформалары бар. Осының барлығын жуып-шайып, түрлі қоғамдық пікірлер тудырып, кейде Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің «шаш ал десе, бас алып» кететін артық қадам жасайтын жағдайлар бар»,- деді Жанарбек Әшімжан.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов заң бұзғандар тиісті жазасын алатынын айтты.

«Әр деректі жеке қарау керек, егер де сол жерде тиісті заң бұзу болса, ол тиісті жауапкершілігін алуы керек. Бір-бірімізге пәле жаппай, егер ол кінәлі болса, жазасын алады. Біз құқықтық мемлекет болғандықтан заң аясында жұмыс істеуіміз керек», - деді Ахметжанов.

Серіктес жаңалықтары