×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Абай облысындағы өрт: «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жүргізіледі

25.05.2023, 10:04
ТЖМ

Премьер-министр Абай облысындағы орман өртіне байланысты екі министрлікке тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Өткен отырыста ғана біз өрт қауіпсіздігіне дайындық мәселесін қараған болатынбыз. Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толықтай бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, өртті ауыздықтау әкімдік пен Төтенше жағдайлар, Экология министрліктерінің ортақ міндеті.

«Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғыс білдіреміз.

Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, төтеншеліктер бірнеше күннен бері Абай облысындағы орман өртімен арпалысып жатыр. 22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, жалын «Семей орманы» табиғи резерваты аумағына тараған болатын. Бүгінде өрт 3500 гектардан астам жерді шарпыды.

Бүгін Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады.

Серіктес жаңалықтары