×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қаңтардағы азаптаулар: сот қырғыз музыкантының арызын қанағаттандырған жоқ

25.05.2023, 15:52
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана қаласының Алматы аудандық соты қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың Қазақстан ІІМ атына берген ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы арызын қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Викрам Рузахуновтың айтуынша, сот 19 мамырда аяқталды. Процесс барысында төрт дайындық отырысы және іс бойынша үш тыңдау өтті.

Қырғызстандықтың адвокаттары ҚР ІІМ-нен Рузахуновтың алматылық полицейлер қысымымен айтылған айғақтарын, яғни Қазақстанға 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысу үшін келгені жөніндегі жауаптарын дұрыс емес деп тануды және музыканттан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті.

Рузахуновтың айтуынша, сот процесінде куәгер ретінде сөз сөйлеген Алматы ПД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек 2022 жылдың 8 қаңтарында қырғызстандықты қоса алғанда, төрт ұсталушыдан сұхбат алғанын растады. Бірақ ол оған мұндай тапсырманы кім бергені есінде жоқ екенін айтты, өйткені оған ауызша тапсырма берілген.

Әзірбектің айтуынша, оған ұсталғандардың аты-жөні аталмаған. Сонымен бірге, баспасөз хатшысы музыканттың денесінен ешқандай зақым көрмегеніне сендіреді, ол тек "аяқ киімнің бауы шешілгенін" байқаған.

Өз кезегінде ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері Әзірбектен материалды жергілікті желі арқылы алғандарын және видео Qazaqstan телеарнасына қалай түсті деген сұраққа жауап таба алмағандарын хабарлады.

Осылайша, полиция Рузахуновтың айғақтарымен бейнеролик жасауға бастамашы болғанын мойындады. Алайда сот талапты толық қанағаттандырудан бас тартуға шешім қабылдады. Қырғызстандыққа осы шешімге жоғарғы сот сатысына шағымдану үшін он күн берілді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстандағы жаппай наразылық кезінде Қырғызтан азаматын қазақстандық қауіпсіздік күштері ұстап алып, аяусыз ұрып, мемлекеттік телеарналар арқылы көрсеткен еді. Қырғызстандықтар оның танымал музыкант Викрам Рузахунов екенін танып қойған. Ол сол тұста Алматыға концертке келген. Бішкек осы оқиға бойынша Астанаға ресми нота жолдады. Резонанс аясында қазақстандық билік музыкантты босатқан. Отанына оралғаннан кейін ол азапталғанын және өзін айыпты ретінде көрсетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары