Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев БЖЗҚ-дан неге ақша алмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1 шілдеден бастап зейнеткерлер өздерінің зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана бастайды. Үкімет кулуарында журналистер Ерұлан Жамаубаевтан осы бастамаға қатысты пікірін сұрады.
«Егер тарихқа оралсақ... БЖЗҚ не үшін құрылды? Халық өз ақшасын жинап, бірте-бірте ынтымақты жүйеге өтіп, болашақта содан зейнетақыларын алуы үшін жасалды. Енді біз лимитті қайта қарадық. Қазақстандықтардың басым бөлігінде аз қаражат қалды», - деді министр.
Жамаубаевтың сөзінше, қордан алынуы мүмкін қаражаттың сомасы үлкен.
«Біз ол қордан аз қаражат алу керек екенін жақсы түсінеміз. Тұрғындардың алатын сомасы өте көп емес – 3 трлн теңгеден асады. Дегенмен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тұрақты болғанын қалаймын. Біріншіден, бұл біздің және барлық зейнеткерлердің болашағына қажет», - деп толықтырды ол.
Ведомство басшысы өзінің зейнетақы жинағына тиіспегенін атап өтті.
«Мен бір тиын да алған жоқпын. Өйткені, ол менің зейнетақым екенін жақсы түсінемін. Екіншіден, мен болашақта қайда жұмыс істейтінімді білмеймін. Мен бұл жинақтарды күнделікті қажеттіліктерге жұмсағым келмейді. Болашаққа қалдырғым келеді. Қазақстандықтар да осылай істейді деп сенемін», - деді министр.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының жартысын жеке инвестициялық компанияларға бере алады.